Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 8 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары.
«Сары» аймақта: Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары.
«Жасыл» аймақта: Жамбыл, Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.