Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада "Жастар энергиясы - елордалық денсаулық ісінің сенімді болашағы" атты іс-шара аясында "Altyn shipager" медициналық сыйлығын табыстау рәсімі өтеді.
"Бұл шара ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің, медициналық қызметкерлер және отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтеді. Биылғы шараның ерекшелігі сол - "Жастар жылы" аясында өтеді. Былтыр жасы үлкен, білікті мамандар қатысса, биыл жас мамандарға назар аударылып отыр",- дейді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.
Табысталатын сыйлық номинациялары 2 категорияға бөлінген: 9 жылпы және 2 арнайы сыйлық.
"Жыл сайын ұйымдастырылатын шараға бірінші рет қатысқалы тұрмын. "Бірегей ота жасағаны үшін" номинациясынан үш дәрігер үміткер. Шынымды айтсам, қобалжып тұрмын. Мен жасаған ота түрі "нейроэндоскопиялық лаваш" деп аталады. Ол инсульт алған балалардың басын кішкене кесіп, нейроэндоскоп арқылы жасалатын ота түрі. Бұл ота түрін алғаш он жыл бүрын немістер енгізген. Қазіргі таңда біз де жасап жүрміз. Осы ота түрі жасалғанда балалар жылдам өз-өзіне келеді және ота жасаудан кейін асқынулар болмайды. Алғашқы ота қыс мезгілінде дүниеге келгеніне 23 күн болған нәрестеге жасалды",- дейді №2 қалалық балалар ауруханасы нейрохирургия бөлімінің басшысы Азамат Жайылғанов.
Ұсынылған мүсіннің негізі ретінде Канн сыйлығының "Алтын пальма бұтағы" алынып отыр. Лавр жапырағы денсаулық пен ұзақ ғұмырды білдіреді.