Бүгін елордада Қазақстан-Беларусь футбол матчы үшін арнайы автобустар жүреді
Бүгін елордада Қазақстан-Беларусь футбол матчы үшін арнайы автобустар жүреді
22 қыркүйекте «Қазақстан» мен «Беларусь» құрамаларының футбол матчына арнайы Shuttle-Bus бағдарлары (№№801-804) ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Elorda.info сілтеме жасап.
22 қыркүйекте «Қазақстан» мен «Беларусь» құрамаларының футбол матчына арнайы Shuttle-Bus бағдарлары (№№801-804) ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Elorda.info сілтеме жасап.
Матч сағат 20:00-де басталып, 22:00-де аяқталады. Кездесу «Астана Арена» стадионында өтеді.
Көрермендерге ыңғайлы болу үшін бағдарлар қаланың келесі 4 нүктесінен ұйымдастырылады (көрермендерді жеткізу және қайта жеткізу):
Бағдарлардың шығу уақыты – сағат 18:00-де, - делінген CTS хабарламасында.
Бағдарлардың жүру сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.
Сонымен қатар футбол матчы аяқталғаннан кейін қосымша қалалық және қала маңына қатынайтын № 10, 12, 26, 28, 37, 40, 51, 53, 60 және 303 бағдарлар қызметі ұйымдастырылады.
Жолаушыларды отырғызу және түсіру «Астана-Арена» стадионында жүзеге асырылады.