«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
21 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Петропавл, Көкшетау, Қостанай, Өскемен, Семей (2-дәрежелі), Риддер (2-дәрежелі), Павлодар (1-дәрежелі) қалаларында күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.