Алматы, BAQ.KZ. (AIBA) Халықаралық бокс федерациясының президенті Умар Кремлев бүгін Қазақстанға ұшып келеді. Бұл туралы Қазақстан Бокс Федерациясы хабарлады.
Умар Кремлевтың Қазақстанға келудегі басты мақсат – республикадағы боксты дамыту және бірлесіп жұмыс істеу.
Екікүндік бағдарлама барысында, AIBA басшысы ҚР премьер-министрі Асқар Маминмен кездеседі. Сонымен қатар, Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевпен және Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевпен кездесу жоспарланған,-делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Умар Кремлев елордалық боксшылармен «Астана-Арена» стадионында жаттығу жұмыстарын өткізеді.