Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды

27 Қараша 2025, 08:11
331
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

"Қазгидромет" РМК бүгін, 27 қарашада бірқатар қалаларда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасатынын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауа сапасының нашарлауы Алматы, Қызылорда, Атырау, Шымкент, Ақтөбе, Орал және Жезқазған қалаларында күтіледі.

Метеорологтардың айтуынша, тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсия секілді қысқамерзімді факторлар зиянды заттардың ауада жиналуына ықпал етеді. Осындай жағдайда қалаларда атмосфералық ауаның ластануы артуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы