Бүгін еліміздің жеті қаласында ауа ластанады

Мұндай кезде ауа сапасы төмендеп, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 08:54
Бүгiн 2026, 08:54
81
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Бүгін, 8 сәуірде Қазақстанның жеті қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Атырау, Ақтөбе және Ақтау қалаларында ауа ластануының артуы ықтимал.

Қолайсыз метеожағдайлар – желдің әлсіздігі, тұман, инверсия сияқты факторлардың әсерінен атмосферада зиянды заттардың жиналуына әкелетін құбылыс. Мұндай кезде ауа сапасы төмендеп, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, ластану деңгейі жел, жауын-шашын, ауа температурасы мен ылғалдылыққа тікелей байланысты.

Наверх