Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Осыған байланысты мамандар тұрғындарға ашық ауада ұзақ жүрмеуге, әсіресе көлік көп жүретін жолдар мен ластану көздерінен алыс болуға кеңес береді.

28 Қараша 2026, 08:11
АВТОР
 depositphotos.com 28 Қараша 2026, 08:11
28 Қараша 2026, 08:11
88
Фото: depositphotos.com

Бүгін, 28 қарашада Шымкент, Түркістан және Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.

Қолайсыз метеожағдайлар кезінде желдің баяулауы, тұман мен температуралық инверсия салдарынан зиянды заттар атмосфераның төменгі қабатында жиналуы мүмкін. Соның салдарынан елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, адам денсаулығына кері әсер етуі ықтимал.

Осыған байланысты мамандар тұрғындарға ашық ауада ұзақ жүрмеуге, әсіресе көлік көп жүретін жолдар мен ластану көздерінен алыс болуға кеңес береді. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуеннен бас тартқан жөн.

Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек. Сондай-ақ даладағы дене белсенділігін шектеп, спортпен жабық ғимараттарда айналысқан дұрыс.

Наверх