Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктер мұндай кезде ұзақ серуендеуден бас тартуға шақырады.

 BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 08:54
Бүгiн 2026, 08:54
108
Фото: BAQ.KZ архиві

Бүгін, 3 наурызда Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 3 наурызда Жезқазған, Балқаш қалаларында, ал түнде Атырауда ауа сапасы нашарлайды.

Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия). Мұндай кезде елді мекендерде ауа сапасы нашарлап, адамдардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Ластану деңгейін анықтайтын негізгі факторлар – жел, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасының болжамы.

Наверх