Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеожағдайлар Алматы, Ақтөбе және Балқаш қалаларында тіркеледі.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 19 Ақпан 2026, 08:32
19 Ақпан 2026, 08:32
664
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Бүгін, 19 ақпанда Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеожағдайлар Алматы, Ақтөбе және Балқаш қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына әсер ететін қысқа мерзімді факторлар жиынтығы. Оларға желсіздік, әлсіз жел, тұман және ауа инверсиясы жатады. Мұндай кезде елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуына синоптикалық жағдайлар – желдің жылдамдығы, жауын-шашын, ылғалдылық пен ауа температурасы тікелей ықпал етеді.

Наверх