"Қазгидромет" РМК бүгінге, 25 желтоқсанға арналған еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомство мәліметінше, 2025 жылғы 25 желтоқсанда Алматы, Павлодар және Атырау қалаларында ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Мамандардың түсіндіруінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына әсер ететін қысқамерзімді факторлардың жиынтығы. Оларға тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.
Осыған байланысты аталған қалаларда атмосфералық ауаның сапасы уақытша нашарлауы мүмкін.
Оқи отырыңыз: