Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгiн, 08:54
207
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 7 желтоқсанға арналған еліміздің бірқатар өңіріндегі ауа сапасына қатысты кезекті болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның хабарлауынша, 2025 жылдың 7 желтоқсанында Ақтөбе, Алматы және Жезқазған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Мамандардың түсіндіруінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына әсер ететін қысқамерзімді табиғи факторлардың жиынтығы. Оларға тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсия жатады. Осындай жағдайда ластаушы заттар ауада ұзақ сақталып, таралуы қиындайды.

Сондықтан аталған қалаларда атмосфералық ауаның сапасы уақытша нашарлауы ықтимал. Қоршаған орта мамандары тұрғындарға қажетсіз жерде сыртқа шығуды шектеуді, денсаулығына көңіл бөлуге кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы