Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

14 Қазан 2025, 08:11
420
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Бүгін, 14 қазанда еліміздің үш қаласында – Жезқазған, Алматы және түнгі уақытта Атырау қаласында қолайсыз метеожағдайлар болжануда. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандардың түсіндіруінше, қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді табиғи құбылыстар жиынтығы. Олардың қатарына тыныш ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсия сияқты метеорологиялық факторлар жатады.

Мұндай жағдай кезінде елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Бұл, әсіресе, тыныс алу жолдары аурулары бар адамдарға және балалар мен қарттарға жағымсыз әсер етуі ықтимал.

Синоптиктердің айтуынша, ауа сапасының нашарлауына желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын мөлшері, ылғалдылық және ауа температурасы сияқты факторлар тікелей әсер етеді.

Өзгелердің жаңалығы