Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 11 қазан күні еліміздің үш қаласында – Өскемен, Семей және Риддерде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

 istockphoto.com 11 Қазан 2025 2025, 08:11
11 Қазан 2025 2025, 08:11
659
Фото: istockphoto.com

Бүгін, 11 қазан күні еліміздің үш қаласында – Өскемен, Семей және Риддерде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Метеорологтардың айтуынша, бұл күндері әлсіз жел, тұман және температура инверсиясы сияқты құбылыстардың әсерінен атмосферада зиянды заттардың жиналуы байқалуы мүмкін.

Қолайсыз метеожағдай (ҚМЖ) кезінде елді мекендердегі ауа сапасы төмендеп, бұл тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі ықтимал.

Мамандар халықты ауа райы болжамын қадағалап, мүмкіндігінше ашық ауада ұзақ уақыт болмауға және экологиялық ахуалға мұқият болуға шақырады.

Наверх