Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

9 Қыркүйек 2025, 08:11
355
Бөлісу:
 Архив
Фото: Архив

Бүгін, 9 қыркүйекте Қазақстанның көптеген қалаларында ауа райы қолайлы болады. Дегенмен, Қазгидромет мәліметінше, Орал мен Атырау қалаларында, сондай-ақ түнде Астанада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қолайсыз метеожағдай кезінде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы төмендеуі ықтимал. Бұл тұрғындардың денсаулығына әсер етуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, ластану деңгейіне желдің күші, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы секілді синоптикалық факторлар тікелей ықпал етеді.

Өзгелердің жаңалығы