Бүгін, 1 қыркүйекте Қазақстанның көптеген қалаларында ауа сапасы үшін қолайлы метеорологиялық жағдайлар болжанса, бірқатар өңірлерде ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің дерегінше, қолайсыз метеожағдайлар Ақтөбе мен Алматы қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Атырау қаласында күтіледі.
Қолайсыз метеожағдайлар (НМУ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді табиғи құбылыстар (әлсіз жел, тұман, тыныштық, инверсия). Мұндай жағдайда ауа сапасы төмендеп, адамның денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Мамандардың айтуынша, ластану деңгейін көбіне синоптикалық жағдайлар – желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын мөлшері, ауа температурасы мен ылғалдылық анықтайды.