Бүгін, 18 шілде күні Қазақстанның бірнеше қаласында атмосфералық ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеожағдайлар болжанып отыр. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, қолайсыз метеожағдайлар Алматы, Ақтөбе және түнгі уақытта Астана қалаларында тіркелуі мүмкін.
Мамандардың айтуынша, қолайсыз метеожағдайлар (НМУ) – бұл атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі.
Мұндай жағдайларда ауа сапасы нашарлап, әсіресе денсаулығында ақауы бар адамдарға кері әсер етуі мүмкін. Синоптикалық жағдай, атап айтқанда, желдің жылдамдығы, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температурасы ластану деңгейіне тікелей әсер етеді.
"Қазгидромет" тұрғындарға сақ болуға және қажетсіз жағдайда сыртқа көп шықпауға кеңес береді.
Оқи отырыңыз: