Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

2 Шілде 2025, 07:14
518
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

"Қазгидромет" РМК бүгін, 2 шілде күні еліміздің бірнеше қаласында атмосфералық ауаның ластану қаупі жоғары болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, Жезқазған және түнгі уақытта Астана қалаларында байқалуы мүмкін.

Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды немесе ластаушы заттардың шоғырлануына әкелетін қысқа мерзімді табиғи құбылыстардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай жағдайларда елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Сарапшылардың айтуынша, ластану деңгейін қалыптастыратын негізгі факторлардың бірі – синоптикалық жағдай: желдің бағыты мен күші, жауын-шашын, ылғалдылық пен ауа температурасы.

Мамандар тұрғындарға ауа райының мұндай құбылыстарында көшеде ұзақ уақыт болмауға және денсаулыққа сақ болуға кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы