Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

26 Маусым 2025, 08:54
821
Бөлісу:
 Архив
Фото: Архив

"Қазгидромет" РМК бүгін, 26 маусымда еліміздің үш қаласында ауа ластанатынын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Қостанайда күндіз, ал Астана мен Петропавлда түнгі уақытта қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (НМУ) қалыптасады.

Қолайсыз метеожағдайлар – бұл атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды немесе ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал ететін табиғи құбылыстардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай кезде атмосфералық ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, ластану деңгейіне негізінен желдің жылдамдығы, жауын-шашын мөлшері, ауа температурасы және ылғалдылық сияқты синоптикалық факторлар әсер етеді.

Өзгелердің жаңалығы