Бүгін еліміздің үш қаласында ауа ластанады

Мұндай жағдайда мамандар тұрғындарға ашық ауада болу уақытын қысқартуға кеңес береді.

22 Қазан 2026, 08:54
АВТОР
 depositphotos.com 22 Қазан 2026, 08:54
22 Қазан 2026, 08:54
111
Фото: depositphotos.com

Бүгін, 22 қазанда Ақтөбе, Атырау және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Қолайсыз метеожағдайлар кезінде ауаға таралған зиянды заттар атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуы мүмкін. Бұған желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия сияқты факторлар әсер етеді. Соның салдарынан елді мекендерде ауа сапасы нашарлап, адам денсаулығына кері ықпал етуі ықтимал.

Мұндай жағдайда мамандар тұрғындарға ашық ауада болу уақытын қысқартуға, әсіресе көлік жолдары мен өзге де ластану көздеріне жақын жерде ұзақ жүрмеуге кеңес береді. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тартқан жөн.

Сондай-ақ созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүргені дұрыс. Ашық ауадағы дене жаттығулары мен спорттық белсенділікті шектеп, мүмкіндігінше жабық спорт кешендерін пайдаланған жөн.

Наверх