Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

22 Шілде 2025, 08:11
685
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Бүгін, 22 шілдеде Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа сапасының нашарлауына әкеп соғатын қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің дерегінше, Ақтөбе, Алматы, Қостанай (түнде) және Астана қалаларында ауа ластанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауа қабатында ластаушы заттардың шоғырлануына әкелетін қысқа мерзімді метеофакторлар жиынтығы. Олардың қатарына тыныш ауа, әлсіз жел, тұман және инверсия жатады.

Мұндай құбылыстар кезінде қалалардағы ауа сапасы күрт нашарлауы мүмкін. Ластанудың деңгейіне ықпал ететін негізгі факторлар – ауа температурасы, жауын-шашын мөлшері, жел бағыты мен жылдамдығы, ауа ылғалдылығы.

Экологтар мен дәрігерлер тұрғындарға мүмкіндігінше сыртқа көп шықпауға, маска тағуға, терезені жиі ашпауға, денсаулыққа қатысты белгілерге назар аударуға кеңес береді. Әсіресе балалар, қарт адамдар мен тыныс алу жүйесі ауруларына шалдыққандар үшін бұл өте маңызды.

Өзгелердің жаңалығы