Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

"Қазгидромет" РМК бүгін,10 маусымда еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайтынын мәлім етті

 Архив 10 Маусым 2025 2025, 08:54
10 Маусым 2025 2025, 08:54
645
Фото: Архив

"Қазгидромет" РМК бүгін,10 маусымда еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайтынын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, ауаның ластануы Ақтөбе, Қостанай (түнде), Атырау және Астана қалаларында болжанып отыр.

Қолайсыз метеожағдайлар (НМУ) – атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына әсер ететін қысқа мерзімді табиғи факторлар (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай кезде ауа сапасы төмендеуі мүмкін.

Ауаның ластану деңгейіне әсер ететін негізгі факторлардың қатарында желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, ауа температурасы мен ылғалдылық көрсеткіштері бар.

Наверх