"Қазгидромет" РМК бүгін, 30 маусым күні еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, Алматы, Ақтөбе, Атырау (түнде) және Петропавл (түнде) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады.
Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) – бұл атмосфералық ауаның төменгі қабаттарында зиянды заттардың шоғырлануына әкелетін табиғи құбылыстар. Оған тыныш ауа райы, әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия сияқты факторлар жатады.
Мұндай жағдайларда атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін, әсіресе ірі қалаларда. Ластану деңгейіне ауа температурасы, жауын-шашын, желдің бағыты мен күші, ылғалдылық сияқты синоптикалық жағдайлар тікелей әсер етеді.
Экологтар мен дәрігерлер тұрғындарға ҚМЖ кезінде мүмкіндігінше далада ұзақ жүрмеуге, ашық терезелер арқылы желдетуді шектеуге және қорғаныш шараларын сақтауға кеңес береді.