Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Мамандар мұндай кезде ашық ауада ұзақ серундеуден бас тартуға кеңес береді.

24 Тамыз 2026, 08:09
АВТОР
 depositphotos.com 24 Тамыз 2026, 08:09
24 Тамыз 2026, 08:09
101
Фото: depositphotos.com

Бүгін, 24 тамызда Ақтөбе мен Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде желдің әлсіреуі, тұман және температуралық инверсия салдарынан атмосфераның төменгі қабатында ластаушы заттар жиналып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Мамандар мұндай жағдайда тұрғындарға ашық ауада, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ жүрмеуге және даладағы физикалық белсенділікті шектеуге кеңес береді.

Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуеннен бас тарту, ал созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру ұсынылады.

Наверх