Бүгін, 7 қыркүйекте Қазақстанның көптеген қалаларында ауа сапасы үшін қолайлы метеорологиялық жағдайлар болжануда. Алайда, күндіз Алматыда, ал түнде Атырауда ауа сапасы нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфераның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін табиғи құбылыстардың (әлсіз жел, тұман, инверсия, ауа райының тыныш күйі) жиынтығы. Мұндай кезде елді мекендерде ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына әсер етуі ықтимал.
Сарапшылардың айтуынша, ауадағы ластану деңгейіне синоптикалық факторлар – желдің күші, жауын-шашын мөлшері, ауа температурасы мен ылғалдылық айтарлықтай ықпал етеді.