Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Мамандар мұндай кезде ұзақ серуендемеуге кеңес береді.

 BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 08:11
Бүгiн 2026, 08:11
212
Фото: BAQ.KZ архиві

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 7 наурызға арналған ауа сапасы бойынша болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Атырау және Балқаш қалаларында атмосфералық ауаның ластануына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін қысқамерзімді табиғи факторлардың жиынтығы. Олардың қатарына тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.

Мұндай жағдайда елді мекендердегі ауа сапасы уақытша нашарлауы мүмкін.

Наверх