«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжам жариялады. деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қазгидромет»-тің болжамы бойынша, 6 сәуірде Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.