Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгiн, 08:54
98
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Бүгін, 29 желтоқсанда Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК мәліметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, 29 желтоқсанда қолайсыз ауа райы жағдайлары Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды және Теміртау қалаларында байқалады.

Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы: тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия. Мұндай жағдайда елді мекендерде ауа сапасының нашарлауы мүмкін, бұл адамдардың денсаулығына теріс әсер етуі ықтимал.

Ластану деңгейінің қалыптасуына ауа райының болжамдық факторлары – жел, жауын-шашын, ылғалдылық және температура елеулі әсер етеді.

Өзгелердің жаңалығы