Бүгін, 27 қыркүйекте еліміздің бес қаласында – Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Атырау және Алматыда қолайсыз метеожағдай болжанып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, бұл қалаларда атмосферада ластаушы заттардың жиналуына қолайлы жағдай қалыптасады. Республиканың өзге өңірлерінде ауа райы салыстырмалы түрде қолайлы болмақ.
Ластану деңгейіне әсер ететін негізгі факторлар – желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, ылғалдылық пен ауа температурасы. Синоптиктердің болжамына сәйкес, жұма күні елдің көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Оқи отырыңыз: