Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

17 Қыркүйек 2025, 08:11
392
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

"Қазгидромет" РМК бүгінге, 17 қыркүйекке арналған ауа сапасы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, Өскемен, Балқаш, Ақтөбе, Орал және Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай кезде елді мекендердегі ауа сапасы төмендеуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы