Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

5 Қыркүйек 2025, 08:11
518
Бөлісу:
 Архив
Фото: Архив

Бүгін, 5 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Алматы және түнде Астанада ауа сапасы нашарлауы ықтимал.

Қолайсыз метеожағдай – атмосферада зиянды заттардың жиналуына әкелетін қысқа мерзімді құбылыстардың (әлсіз жел, тұман, инверсия, тыныштық) жиынтығы. Мұндай кезде елді мекендерде ауа сапасы төмендеп, халықтың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, ластану деңгейі көбіне жел, жауын-шашын, ылғалдылық пен ауа температурасына байланысты қалыптасады.

Өзгелердің жаңалығы