Бүгін, 20 шілдеде еліміздің бірнеше қаласында атмосфералық ауа сапасының нашарлауына әкелетін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжануда. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында және түнгі уақытта Қостанайда ауа сапасы нашарлайды.
Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлар жиынтығы. Оларға желдің баяулауы, тұман, инверсия, тыныш ауа райы жатады. Мұндай жағдайда атмосфералық ауаның ластану деңгейі артуы мүмкін, бұл әсіресе ірі қалаларда тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі ықтимал.
Мамандардың айтуынша, ауа сапасына әсер ететін басты метеофакторлардың бірі – желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын мөлшері, ауа температурасы, ылғалдылық секілді синоптикалық жағдайлар.
Қолайсыз метеожағдай кезінде жүрек-қан тамырлары, тыныс алу жолдары ауруларына бейім адамдарға, қарттарға және балаларға ашық ауада көп уақыт өткізбегені жөн.