"Қазгидромет" РМК бүгін, 25 қараша күні еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасының нашарлайтынын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін Алматы, Атырау, Шымкент, Ақтөбе, Балқаш қалаларында, сондай-ақ Астанада түнде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін қысқа мерзімді табиғи құбылыстар. Оларға тымық ауа райы, баяу жел, тұман және инверсия жатады. Мұндай кезде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы төмендеуі мүмкін.