Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін еліміздің алты қаласында ауа ластануы мүмкін

25 Қыркүйек 2025, 07:47
450
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Бүгін, 25 қыркүйекте еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында, сондай-ақ түнде Астанада күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына әкелетін қысқамерзімді факторлар (тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия). Мұндай кезде елдімекендердегі ауаның сапасы төмендеуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы