Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін еліміздің 8 қаласында ауа сапасы нашарлайды

22 Қараша 2025, 08:11
452
Бөлісу:
 Архив
Фото: Архив

"Қазгидромет" РМК бүгінге, 22 қарашаға арналған ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Болжамға сәйкес, Алматы, Атырау, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, сондай-ақ түнде Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Мұндай жағдайлар – тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсия секілді қысқа мерзімді метеофакторлардың әсерінен атмосфераның төменгі қабатында ластаушы заттардың жиналуына алып келетін құбылыстар.

ҚМЖ кезінде елді мекендерде ауа сапасының нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы