Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін еліміздің 8 қаласында ауа ластанады

Кеше, 08:11
278
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Бүгін еліміздің сегіз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2026 жылғы 4 қаңтарда Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтөбе және Алматы қалаларында ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына әсер ететін қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы. Оларға тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.

Мұндай жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы