Бүгін елдің 8 қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 21 қаңтар күні ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары 8 қалада қалаларында күтіледі.

 архив 21 Қаңтар 2024 2024, 08:20
21 Қаңтар 2024 2024, 08:20
2104
Фото: архив

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 21 қаңтар күні ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары 8 қалада қалаларында күтіледі.

Атап айтқанда, Астана, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Шымкент, Қарағанды, Теміртауда ауа сапасы нашарлайды.

Еліміздің өзге шаһарларында ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Наверх