Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

1 қыркүйек, жексенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ

 архив 1 Қыркүйек 2024 2024, 08:05
1 Қыркүйек 2024 2024, 08:05
863
Фото: архив

1 қыркүйек, жексенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, бүгін ел аумағында метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Ақтөбе, Алматы қалаларында қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Наверх