Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Бөлісу:
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: архив

Бүгін Қазақстанның екі қаласында – күндіз Алматыда, түнде Атырауда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 20 тамызда Алматы қаласында және түнде Атырау қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - деп жазылған «Қазгидромет»-тің хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы