Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

4 Қараша 2024, 08:06
220
Бөлісу:
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: архив

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 4 қарашада ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы Алматы, Ақтобе қалаларында болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы