20 қазанда Алматы мен Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия салдарынан зиянды заттар атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуы мүмкін. Соның салдарынан елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, адам денсаулығына кері әсер етуі ықтимал.
Мамандар ауа сапасына жел, жауын-шашын, ылғалдылық пен ауа температурасы әсер ететінін атап өтті.
Мамандар тұрғындарға мынадай кеңес береді:
-
Ашық ауада, әсіресе көлік жолдары мен ластану көздерінің маңында ұзақ жүрмеу;
-
Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;
-
Өкпенің созылмалы, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға сыртқа шыққанда қажетті дәрілерін өзімен бірге алып жүру;
-
Ашық ауадағы физикалық жүктемені шектеп, спортпен жабық ғимараттарда айналысу.