Бүгін Дінмұхамед Қонаевтың туғанына – 111 жыл, деп хабарлайды BAQ.KZ. Кеңес үкіметі кезінде ең биік саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ елі үшін, қазақ елінің өркендеуіне жиырма бес жылдай үлесін қосты. Ешқандай күзетшісіз жүретін, шағын пәтерде тұрып, жұмысқа жаяу баруды әдетке айналдырған қарапайым басшыдан халық көп үлгі алуды мақсат етті. Еліне елеулі, халқының қалаулысы атанған тұлғаның тұшымды ойлары мен, қанатты сөздерінен үзінділер ұсынамыз.
Хан келеді – кетеді, халық қалады. Халық қалса, таң қалады.
Қаны таза кісінің – дені де, ділі де, тілі де таза.
Заман сенімен санаспайды, санассаң сен санас.
Жақсының жақсылығын көре білу бар да, оны айта жүру, үлгі ете білу бар.
Кісінің тауы шағылып, беті қайтқаннан артыққасірет жоқ.
Жақсылыққа мастанба, жамандыққа жасыма.
Ойға тоқып, бойға сіңіруден артық байлық бар деп ойламаймын.
Дүние түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз болып кетуі әп-сәтте.
Бүгінгі күн – кешегі күннің шәкірті.
Адамға жазаның ең үлкені – жұмыссыз қалдыру.
Панам да ел, данам да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім.
Орынды сын ойлантпай қоймайды.
Басшы үшін таптырмас бір қасиет бар: ол – еңбекшілердің (қызметкерлердің – ред.) көңіл-күйін, тұрмыс-жағдайын, тіршілік қамын тамырдай тап басып, біліп отыру. Онсыз ісің алға баспайды.
Тілден бал да, зәр де тамады.
Қонақты әулиедей күтетін қазақтың маңдайындағы несібесі ғой.
Кісі еңбегін бағалай, көре білмегеннен әділдік күтуге болмайды.
Қаламгерден қиянат, жазушыдан жалғандық шығады деп ойламаймын.
Күнделікті өмірде, жұмыста да үш қасиетке арқа сүйедім: олар – қарапайымдылық, адалдық, табандылық.