«Қазгидромет» РМК 26 қарашада Қазақстан қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуалға болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жексенбі күні ауаның ластануының қолайсыз метеожағдайы Алматы, Астана, Қарағанды және Теміртау қалаларында күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.