«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 2 қарашада ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы Алматы қаласында болады.
Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, тек Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.