Бүгін «Барыс» сырт айдында «Авангард» командасымен кездеседі

Бөлісу:
Бүгін  «Барыс» сырт айдында «Авангард» командасымен кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 5 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізеді, BAQ.KZ.

Ойын елорда уақытымен 16:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 77 мәрте кездескен. Оның 26-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі төрт кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Қазақстандық команда бұдан кейінгі үш ойынын сырт айдында өткізіп, 7 қазанда «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен шеберлік байқасады.

Өзгелердің жаңалығы