Бүгін Астанада жас әнші Darkhan Juzz-ге арналған мурал ашылады

8 Қыркүйек 2023, 07:13
744
Бөлісу:
Бүгін Астанада жас әнші Darkhan Juzz-ге арналған мурал ашылады
Фото: massaget.kz

Астанада қайғылы қайтыс болған қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбековке арналған муралдың жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Түрлі түсті мурал Абай даңғылы, 11 мекенжайында пайда болды. Жоба эскизін алматылық дизайнерлер мен суретшілер жасады: Ғалымжан Балсары, Алпамыс Батыр және Дмитрий Сычев. Жобаны суретші Асхат Орынбасаров та қолдады.

Мурал идеясы Дарханды самурай ретінде көрсетеді, бірақ қолында қарудың орнына жанкүйерлерінің жүрегін ашқан гитара болады. Бейнені қоршап тұрған дөңгелек шаңырақ және әлем символы, - деп жазылған жобаның ашылуына арналған релизде.

Дарханның досы қазақстандық продюсер Азат Абыкен Tengri Life-ке муралды не үшін Алматыда емес, Астанада салуды жөн көргендерін айтып берді.

Оны астанамызда салуды шештік, себебі ойымызда Алматыда Дарханға арналған ескерткіш ашу болды. Менің білуімше, кішкене қиындықтар туындаған: ескерткіш салуға рұқсатты адам қайтыс болғаннан кейін бес жыл өткен соң ғана алуға болады. Бірақ бұл процесті жылдамдатуға болады деп ойлаймыз, - деді ол.

Азаттың айтуынша, Астана әкімдігі бұл муралды салуды қолдаған.

Бұл жерді таңдаған себебіміз – ол жанданған жер. Бұл жерде жастар көп жүреді. Біз өсіп келе жатқан ұрпақ Дарханды және оның еліміздің музыка тарихына қосқан үлесі жайлы білу керек деп ойлаймыз. Бастапқыда муралды жағалауға салуды жоспарладық, бірақ ол жақтан сәйкес жер таппадық. Сондықтан одан алыс емес жерді, осы үйді таңдадық. Жобаны суретшілердің де қолдағаны қуантады. Бояуға және басқа да нәрселерге қажет шығынды Дарханның достары өтеді, - деп жазды Азат Абыкен.

Муралдың ресми ашылуы бүгін, 8 қыркүйекте болады.

Еске салайық, 24 ақпанда Darkhan Juzz лақап атымен танылған әнші Дархан Жүнісбеков қайтыс болды.

Сыртқы істер министрлігінің өкілдері әнші Дархан Жүнісбеков Таиландта жалға алған мопедімен жол апатына түсіп мерт болғанын растады.

Өзгелердің жаңалығы