Бүгін, 7 мамырда, Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, салтанатты шараға арнайы қонақ ретінде елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қатысады.
Парад сағат 10:45-те басталады. Шеру елорда мен облыс орталықтарындағы LED-экрандарда және республикалық телеарналарда, сондай-ақ Ақорданың Facebook, YouTube және Telegram желілеріндегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Әскери парадта еліміздің Қарулы Күштерінің жеке құрамы, әскери техникасы мен заманауи қару-жарағы көрсетіледі.