Бүгін Ақтөбеде ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 тамызда Қазақстанның көптеген қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

 1 Тамыз 2022 2022, 08:36
1 Тамыз 2022 2022, 08:36
1376

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 тамызда Қазақстанның көптеген қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

 «Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде атмосфералық ауа сапасы бірқалыпты болады.

Тек Ақтөбе қаласында ғана қолайсыз метеорологиялық жағдай көрініс табуы мүмкін. Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. 

Наверх