«Қазгидромет» болжамына сәйкес, 14 шілде күні Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) күтіледі.
Қолайсыз метеожағдайлар мына қалаларда болжанып отыр:
- Ақтөбе;
- Өскемен;
- Риддер;
- Алматы;
- Астана (түнде);
- Атырау (түнде).
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – желдің болмауы немесе әлсіз соғуы, тұман, температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді ауа райы құбылыстарының жиынтығы. Мұндай кезде атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттар жиналып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.
Бұл жағдай тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі ықтимал, әсіресе тыныс алу және жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдар үшін қауіп жоғары.
Мамандардың кеңесі:
- ашық ауада, әсіресе автожолдар мен ластану көздерінің маңында ұзақ уақыт болмау;
- балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;
- өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі;
- ашық ауада ауыр дене жүктемесін шектеп, спортпен жабық ғимараттарда айналысу ұсынылады.