Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы өтеді

5 Ақпан 2021, 09:04
3275
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) кезекті отырысы өтеді.

Оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресейдің үкімет басшылары және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы қатысады. ЕАЭО бақылаушы мүше-мемлекеттері - Молдова, Өзбекстан және Кубаның қатысуы да жоспарланған.

ЕҮАК отырысының күн тәртібіне сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, ішкі нарықтың жұмысына жол бермейтін кедергілерді жою, сондай-ақ экономиканың жекелеген салаларында интеграциялық әлеуетті дамыту мәселелері қаралмақ.

Сондай-ақ кеңес отырысы аясында «Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» атты халықаралық форум өтеді. Онда ЕҮАК отырысына қатысушылар инновациялық және технологиялық кәсіпкерлікті қолдау және ынталандыру мақсатында цифрлық экожүйелердің өзара іс-қимылына арналған мәселелрді талқылайды. Форумға аталған саланың жетекші ғалымдары мен сарапшылары шақырылған.

Өзгелердің жаңалығы